1964-1985 жж. Орталық Қазақстандағы ауыл тұрғынының күнделікті өміріндегі денсаулық сақтау жағдайының мәселелері


Қаралымдар: 120 / PDF жүктеулері: 119

Авторлар

  • Зауреш Г. Сактаганова Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • Марат Ы. Ыбырайхан Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-139-2-131-150

Кілт сөздер:

күнделікті өмір; Орталық Қазақстан; денсаулық сақтау; интервью; ауыл.

Аңдатпа

Денсаулық сақтау саласы өмірдің барлық аспектілерімен тығыз байланысты, өйткені бұл адамның тірі тіршілік иесі ретіндегі басты қажеттілігі. Зерттеуде Орталық Қазақстандағы денсаулық сақтау жағдайын анықтауға, зерттелетін кезеңдегі оның даму ерекшеліктеріне, жетістіктері мен кемшіліктеріне баға беруге әрекет жасалды. Мақалада Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағатының, ҚР Орталық мемлекеттік және облыстық мұрағаттарының құжаттық материалдары пайдаланылды. Зерттеліп отырған кезеңде денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеген медицина мамандарымен (дәрігерлермен, медбикелермен) және Қарқаралы, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа, Нұра, Ақтоғай және өңірдің басқа аудандарының қазақтар басым ауылдарының тұрғындарынан жинаған автордың ауызша интервью материалдары мен мұрағат деректеріне салыстырмалы талдау жүзеге асырылды. Қорытындылай келе, авторлар 1970-1985 жылдары ауыл халқының денсаулық сақтау саласына деген қамқорлығы және оның деңгейі жыл сайын өсіп, оң динамикаға ие болғанын атап өтті. Бірақ қазақстандық ауыл өмірінің ерекшелігі мен қиындықтарына байланысты туындайтын қайшылықтар көбіне өз шешімін таппады. Мемлекеттің денсаулық сақтау ісінде себептерді анықтау мен жоюға емес, аурулардың салдарымен күрес проблемасына ғана назар аударуы, әсіресе шалғай аудандардағы ауылдардың халқына медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мәселелерінің толыққанды шешілмеуіне әкеліп соқты және жаңа проблемалар мен қиындықтар туғызды. Жарияланған зерттеулер мен дереккөздерді өңдеу және талдау жалпы ғылыми және тарих ғылымының арнайы әдістерін пайдалана отырып жүргізілді, бұл Орталық Қазақстан өңіріндегі ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайына және оған кеңестік қазақстандық ауылдық денсаулық сақтау жүйесінің күнделікті өмірдегі әсеріне сипаттама беруге мүмкіндік тудырды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сактаганова, З. Г. ., & Ыбырайхан, М. Ы. . (2022). 1964-1985 жж. Орталық Қазақстандағы ауыл тұрғынының күнделікті өміріндегі денсаулық сақтау жағдайының мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 139(2), 131–150. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-139-2-131-150

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР

Most read articles by the same author(s)