Қазақ және тува халықтарындағы дәстүрлі дүниетанымындағы анимистік көзқарастарының сарқыншақтары (XIX ғ. соңы – ХХ ғ. басы): салыстырмалы талдау
Қаралымдар: 138 / PDF жүктеулері: 328
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-142-1-26-43Кілт сөздер:
діннің ерте формалары; анимизм; сиқыршылық; отқа табыну; дәстүрлі наным-сенімдер; ислам; дәстүрлерАңдатпа
Осы мақала қазақ және тува халықтарының этнография- сындағы дәстүрлі дүниетанымының мәселелеріне арналған. Қазіргі заманда тувалықтардың буддизм, жарым-жарты христиан және дәстүрлі діндердің (кейбір басқа да Оңтүстік Сібір халықтары – хакас, алтай, шор халықтары секілді) ұстанып отырғаны, ал қазақ халқы мұсылман дінінің сунниттік бағытының ханафи мәзһабының жақтаушысы болғаны белгілі. Сонымен қатар, осы халықтардың ортақ тарихи тамырлары, дәстүрлі дүниетанымының шығу тегілері ерте, орта ғасырлық түркілерідің діни көзқарастарымен байланысты. Қазіргі заманғы ғылымда көне түркілердің діні және діни мәдениеті жайлы мәліметтер аз. Діни дәстүрлер туралы жаңа мағлұматты бірнеше әдістермен алуға болады. Сондықтан бұл мақаланың мақсаты – қазақ халқының арасындағы исламға дейінгі, ал тува этносының буддизмге дейінгі діни дәстүрлердің сілемдерін өзара салыстыра отырып, айқындап көрсету. Мақаланың теориялық және методологиялық негіздемесі этнологияның қазіргі заманға дейін қалыптасқан эмпирикалық және теориялық нәтижелерін қамтиды. Зерттеудің хронологиялық шеңбері ХIX ғ. соңын және ХХ ғ. басын қамтиды. Автор қазақ және тува халықтарының діни дәстүрлері синкретикалық болғаны деген қорытындыға келеді. Мәдениеттің негізгі құрамы бола отырып, мұндай синкретизм алдымен дәстүрлі әдет-ғұрыптарында эксплицитті түрде байқалады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Рустем К. Досмурзинов
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.