Әбу Убайдаллах Мұхаммед мемуарларындағы Ташкент уәлайаты және Дешті Қыпшақ


Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 77

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-142-1-108-122

Кілт сөздер:

Абу Убайдаллах Мухаммад; Хуласат ал-ахвал; мемуары; Ташкентский вилайет; Дешт-и Кипчак; кокандские чиновники.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада Әбу Убайдаллах Мұхаммедтің «Хуласат ал-ахвал» («Жағдайлар [өмір] резюмесі») атты қоқандық тарихи-мемуарлық еңбегі және онда XIX ғасырда Қоқанхандығының құрамында болған Өзбекстанның Ташкент облысы мен Оңтүстік Қазақстан блыстарының жергілікті тарихы туралы берілген мәліметтері зерттеледі. Парсы тілінде жазылған «Хуласат ал-ахвал» шығармасында автор өз өмірінің негізгі кезеңдері және оның Ташкент уәлайаты билеушісінің әкімшілігінде кеңсе хатшысы мен салық жинаушыдан салық жинау істері бойынша басқарушы ретінде ұзақ жылдар бойығы қызметі туралы баяндалған. Бұл зерттеудің мақсаты – «Хуласат ал-ахвал» еңбегінде Ташкент уәлайаты және Дешті Қыпшақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен әкімшілік басқару жүйесі туралы берілген жаңа материалдарды, сондай-ақ атаулы өңірдің тарихи географиясы бойынша деректерді ғылыми айналымға енгізу. «Хуласат ал-ахвал» бойынша анықталған деректік материалдар Әбу Убайдаллах Мұхаммедтің өмірбаяндық жазбаларында қоқандық жоғары лауазым шенеуніктерінің қызметтері, 1826-1865 жылдар аралығында Ташкент уәлайатында орын алған күрделі ішкі саяси жағдайлар туралы тың деректер бар екендігін көрсетті. Әбу Убайдаллах Мұхаммедтің мемуарларында Ташкент уәлайаты мен Дешті Қыпшақта болған оқиғаларға қатысты субъективті бағалаулар берілгендігіне қарамастанн автор қоқандық шенеуніктердің жүргізген ішкі саясатына қатысты теріс көзқарас ұстанған уәлайат тұрғындарының белгілі бір бөлігінің көңіл-күйін жеткізеді. «Хуласат ал-ахвал» әлі егжей-тегжейлі зерттелмеген, өйткені осы түпнұсқа тарихи дереккөздің көптеген нақты мәліметтері осы уақытқа дейін жеткілікті зерттелмеген және оқырман қауымға кең ауқымына қол жетімді емес.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-17

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР