Қиянатсыздық философиялық мәселе ретінде
Қаралымдар: 53 / PDF жүктеулері: 39
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-140-3-165-177Кілт сөздер:
қиянатсыздық; күш көрсетпеу; прагматикалық қиянатсыздық; қиянат; құндылық; рационалды гуманизм; рухани өмір; моральАңдатпа
Қазіргі таңда қоғамдық болмысымызда этикалық, әлеуметтік, мәдени, геосаяси үдерістердің жаңа деңгейде түрленуі адамзат баласынан сана деңгейінің жаңа сапалық дәрежеде қалыптасуына ерекше зәру. Осы орайда қиянатсыздық феноменінің конструктісі, оның пәрменділігі жайлы жан-жақты дискурстардың орын алуы орынды құбылыс деген ойдамыз. Қиянатсыздық мәселесіне келгенде, бұл феноменнің заманауи болмыстағы өміршеңдігіне көпшілік сенім арта қоймайды. Себебі, қиянатсыздық мәселелері адам баласының санасын ерте заманнан толғандырғанымен, тәжірибе барысында тиісінше қолданыс таппай келген. Қазіргі таңда қиянатсыздық ілімін елемеудің кері салдарын барынша ашып беруде. Замануи әлем субстанционалды деңгейінде жік-жікке бөлініп, бір негіз, бастамасынан жұрдай болып қалғандай. Сондықтан да жаһандық қайшылықтар, қоғам санасын манипуляциялау, терроризм, ядролық қару қолдану қаупі, діни және этникалық шиеленістер, жаңа ағымдар мен топтар, ілімдер сияқты әр түрлі пиғылды және әр түрлі бағыттағы идеологиялық бағдарламалар мен іс-әрекеттер қиянатсыздық мәні мен мағынасын заман үрдістеріне сәйкес зерделеуді қажет етеді. Жаһандық дәуірде ғылыми-техникалық жаңалықтардың қарқынды дамуы адамзат өміріне едәуір жетістіктермен қоса, жаңадан мәселелер туғызып, күн тәртібінде адамзат болашағы туралы түбейгейлі сұрақты жаңаша сараптауға итермелейді. Соңғы кездерде қиянат жасаудың жаңа түрлері мен формаларының пайда болып, олардың астыртын түрде зор зұлымдық туындатуы қиянатсыздық идеясының өмірлік тәжірибеге айналуын қажет етеді. Бұл мақалада идеяның тарихи сахнада ілімге қалай айналғандығы және бүгінгі таңда қолдану аясы туралы ойларды саралауға қадам жасалады
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 Т.В. Мустафина, А.Д. Әбдібек, А.А. Амангелдиев.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.