Ұлттық сананың дүниетанымдық үлгілері


Қаралымдар: 65 / PDF жүктеулері: 76

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-139-2-218-233

Кілт сөздер:

ұлттық сана; ұлттық болмыс; даналық үлгілері; ұлттық мәдениет; өршіл намыс; ежелгі мұра.

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамның жаңғыруының бастауында тамыры тереңге бойлаған тарихтан нәр алатындығын атап өткен болатын. Мақалада ұлттық сананың дүниетанымдық үлгілерінің көрінісі ретінде қазақтың кемеңгер, данышпан ойшылдарының өмірі мен қызметіне жан-жақты талдау жасалынады. XVII ғасыр тарихында табиғатынан ерекше жаратылған, даналық ойымен, ақылман шешендігімен, өзіндік терең болмысымен ой салған сондай дара тұлғаларымыздың бірі бабамыз Бұқар жырау шығармашылығын зерделеу – мақаланың негізгі идеясы. Тәуелсіздікке ұмтылыс сан ғасырлық даму жолында ұлттық дүниетанымның өрістеуіне қазақ қоғамының басынан өткерген тарихи-саяси-әлеуметтік жағдайлар негіз болса керекті. Автор осындай мұрағаттық қорды келекшек ұрпаққа жеткізу, ой-санасына тоғытуды – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігіне баса назар аудартады. Қазақ даналығының бай мәдени-рухани мұрасын насихаттау арқылы ана тіліміздің ұрпақтар сабақтасығындағы қадір-қасиетін көрете білу де автордың негізгі мақсаты болған. Бұл өз кезегінде, өскелең ұрпақты отансүйгіштік қасиет рухында тәрбиелеу тұрғысынан қазіргі мемлекетіміздің мызғымастығын дәріптейтін ең басты факторы болмақ. Әрі өткен тарихтан салиқалы сабақ алу жолымен танып-білу, қорытынды шығару арқылы болашаққа ұмтылысқа негіздейді. Ұлттық мәдениетіміздің тарихи аясының кеңейіп, қайта жаңарып өркендеуі халқымыздың рухани мұралары мен дәстүрлерін қастерлеуі – жаһандық әлемдегі өзіндік дербестігінің айғағы. Рухани мұра – кез келген халықтың ұлттық ділінің өзегі болып табылатын әдетке айналған салт-сана. Дүниені тану, дүниені сезіну, қоршаған дүниені қабылдаудағы адамзат баласының танымдық қабілеттерімен астасып жатқан бабаларымыздың өмірлік тәжірибесі болса керекті. Осы өмірлік тәжірибесі уақыт өте келе болашақ ұрпақ үшін тәрбиенің арқауына айналғанды. Рухани мұра негізінде – адамгершіліктік құндылықтар жетіледі. Адамгершілік адам арасындағы қарым-қатынас пен қабілеттен туындайтындығын бабалар мұрасынан танимыз.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сагатова, А. С. (2022). Ұлттық сананың дүниетанымдық үлгілері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 139(2), 218–233. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-139-2-218-233

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ