Ғылыми зерттеулер және этикалық принциптер: қазіргі заманғы пікірталастар
Қаралымдар: 222 / PDF жүктеулері: 793
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-300-317Кілт сөздер:
ғылыми зерттеу; этика; зерттеу этикасы; әлеуметтік жауапкершілік; этикалық кодекстер; тәуекелдер; ғылым философиясы.Аңдатпа
Мақалада адамдарға қатысты зерттеулер жүргізетін ғалымдардың ізденіс барысында кездесетін этикалық мәселелер мен дилеммалар бойынша пікірталастар қарастырылады. Әртүрлі қиянат оқиғаларын талдау арқылы этикалық принциптердің, кодекстердің, нұсқаулықтардың және ұйымдардың қалай пайда болғаны көрсетіледі. Бүгінгі таңда әртүрлі этикалық нормалар мен ұстанымдар маңызды нұсқаулық ретінде қызмет еткенімен, зерттеулер мен тәжірибелердегі
қайшылықтар сақталуда. Сонымен қатар, этикалық принциптерді рәсімдеу процесінің белең алуы
зерттеушілерді алаңдатады. Канадалық тәжірибе мысалында ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді
этикалық реттеу саласындағы бюрократизация процестеріне сын келтірілген. Әр түрлі этикалық
кодекстер мен нұсқаулықтарға сүйене отырып, адамдардың қатысуымен этикалық зерттеулер
жүргізудің заманауи принциптері анықталды. Тәуекелдер, соның ішінде әлеуметтік ғылымдармен
байланысты мәселелер талқыланады. Әдебиеттерге шолу бүгінгі күні қандай мәселелердің өзекті
болып келе жатқанын және кәсіби зерттеушілердің этикалық дилеммалар мен тәуекелдерге қалай
тап болатынын көрсетеді. Зерттеу тәжірибесінде туындайтын күрделі дилеммалар пәнаралық пікірталастарды және әртүрлі академиялық және басқа мекемелерде зерттеу этикасы курстарын енгізуді қажет етеді деген қорытындыға келді. Этикалық дилеммаларды шешудің тиісті кәсіби тәжірибесі өзінің ұлттық нұсқаулықтары мен кодекстерін әзірлеу және жетілдіру кезінде ескерілуі керек. Мақала ғылыми зерттеулер этикасы мен кәсіби тәжірибе туралы пікірталастардың кеңеюіне ықпал етеді деп санаймыз.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Улболсын М. Сандыбаева, Кульшат А. Медеуова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.