1990-2000 жж. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы (солтүстік Қазақстан облыстары мысалында)


Қаралымдар: 218 / PDF жүктеулері: 120

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-26-40

Кілт сөздер:

солтүстік Қазақстан; экономикалық дағдарыс; ауыл шаруашылығы; жұмыссыздық; әйелдер.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы онжылдық уақыты күрделі кезең болды. Оның барысында елде дамудың жаңа моделін құруға бағытталған экономикалық реформалар жүргізілді. Өтпелі кезең ауқымды дағдарыспен қатар жүрді. Қазақстанның солтүстік аймағында экономикалық дамудың тоқырауы ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өндірісінің төмендеуінен көрінді. Жүргізілген реформалар халықтың әлеуметтік өміріне кері әсер етті. Жұмыссыздық пен халықтың өмір сүру деңгейінің жалпы төмендеуі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың негізгі көрсеткіштеріне айналды. Халық өмірінде жұмыссыздық, тұрмыстың нашарлауы сияқты келеңсіз жайттар орын алды. Үкіметтің экономиканы қалпына келтіру әрекеті оң нәтиже бермеді. Халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында түрлі шаралар қолға алынды. Өзіндік өмір сүру жағдайында халық еңбек қызметінің жаңа салаларына белсенді түрде тартыла бастады. Автор әйелдер кәсіпкерлігінің пайда болуы осы уақыттың жаңа құбылысы екенін атап көрсетеді. Соған қарамастан, бүкіл кезең бойы Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрделі күйінде қала берді. Қаралып отырған кезеңдегі Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тарихы қазіргі Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні оның отандық ғылымда зерттелуі бастапқы кезеңде. Ұсынылып отырған жұмыс осы бағыттағы алғашқы зерттеулердің бірі болып табылады. Ел өміріндегі осынау маңызды кезең туралы мәліметтерді статистикалық жинақтардан, халық санағы материалдарынан, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептерден, мұрағаттардан алуға болады. Мақала аясында қолданылған кең көлемді мұрағат материалдары ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп жатыр.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-06

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР