Үйсіндер археологиясы: зерттеу нәтижелері мен таласты мәселелер
Қаралымдар: 255 / PDF жүктеулері: 262
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-58-73Кілт сөздер:
үйсін; Жетісу; ерте темір дәуірі; тарихнама; мал шаруашылығы; егіншілік; қоныс; отырықшы.Аңдатпа
Мақалада Жетісу өңірін мекендеген ежелгі үйсіндердің мәдениетін (б.д.д. ІІ – б.д. ІV ғғ.) археологиялық зерттеу тарихы қарастырылады. Аталған өңірінде ХІХ ғ. аяғынан бастап ерте темір дәуірі археологиясы бойынша зерттеулер белсенді жүргізілді. Осы дәуірдің негізгі нысандары сақ-үйсін уақытының ескерткіштерімен ұсынылған. Экономиканың ерекшеліктерін, этномәдени өзара байланыстарын, мемлекеттіліктің қалыптасу тарихын, хронология мәселелерін, үй құрылысы дәстүрлерін қайта құрудың негізгі дереккөзі болып табылатын археологиялық материалдарды түсіндіруге негізделген ғалымдардың енбектеріне ерекше назар аударылады. А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, К.М. Байпақов және басқа да бірқатар ғалымдардың ғылыми тұжырымдары негізгі назарға алынды. Жетісу мен Тянь-Шань көшпенділерінің мәдениетін дамытудағы сабақтастық сақ және үйсін кезеңдерінде, кем дегенде мың жыл бойы этногенетикалық байланыстар болғандығын куәландырады. Тақырып бойынша материалдарды талдау барысында, үйсін тайпаларының жергілікті негізде дамығаны, сақ мәдениетімен байланысы анық байқалады. Үйсіндер тарихына арналған теориялық еңбектерінде ежелгі Жетісу тұрғындарының шаруашылығы, этномәдени дамуы мен діни нанымдарын талдау міндеттері қойылды. Сонымен қатар, соңғы онжылдықтардағы зерттеулер үйсін тайпаларының таралу шекарасын Қазақстанның шығыс шегіне дейін кеңейтеді. Мұндай талдау отандық тарихнамада қалыптасып келе жатқан деректану мен тарихнамалық зерттеулерді одан ары дамытуға септігін тигізеді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Айнагуль С. Ганиева, Айгерим Е. Айтбаева, Алия М. Манапова.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.