Философиялық мәтіндерді аударудың кейбір мәселелері


Қаралымдар: 137 / PDF жүктеулері: 177

Авторлар

  • Асет А. Куранбек Казахский национальный университет имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-255-270

Кілт сөздер:

аударма; көркем аударма; ғылыми әдебиет; мәтін; философиялық мәтін; тіл; түсіну; герменевтика; Бабыл мұнарасы; деструкция; деконструкция; интермәтінділік; гипермәтін

Аңдатпа

Әлемде сан түрлі ұлттар мен тілдер бар дегенімізбен, күллі адамзат баласы жаралғалы бері бір әлемде өмір сүреді. Олардың дүние және ондағы орны, бір- біріне деген қарым-қатынасы, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы танымы мен түсінігі көп жағдайда сыртқы формасы ғана болмаса, мазмұны жағынан ортақ, бір-біріне ұқсас болып келеді. Бірақ соған қарамастан, әр құрлықты не климаттық белдеуді мекендеген халықтардың өмір сүру салты, шаруашылығы, діни наным- сенімдері, экономикасы, мәдениетіне байланысты да олардың бір-біріне ұқсамайтын төл әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, ойлау жүйесі мен тілі қалыптасқан. Аударма ісі осы саналуандықты жинақтап, бір қарағанда бір-біріне ешбір ұқсамайтын, арасында ешқандай байланыс жоқ сияқты көрінетін көптүрлілікті біріктіру, мәдениеттер арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасау үшін пайда болған адамның саналы қарекетінің ең бір ерекше түрі. Мақалада әдебиеттану ғылымы мен лингвистикадағы, мәдениеттану мен тіл философиясындағы қалыптасқан көзқарастар жүйесі мен тұжырымдамалар негізінде, аударманың тарихы, теориясы мен практикасына қатысты мәселелерге шолу жүргізіліп, әлем мәдениетіндегі орны, аударманың ғылым әрі өнер және философияның да өзекті мәселесі ретіндегі қазіргі ғылымдағы зерттелу деңгейіне сараптама жасалады. Ғылыми әдебиеттер мен философиялық мәтіндерді әлемнің түрлі тілдерінен орыс және қазақ тілдеріне аудару тәжірибесі талданып, оның қазіргі заманғы қоғамның өзекті мәселелерімен байланысы, аударманың мәдениеттер арасындағы сұхбат, синтездің жүзеге асуына ықпалы, сондай-ақ ғылым мен философияның дамуына тигізетін әсері зерделенеді. Аудармаға деген философиялық көзқарастың өзіндік ерекшелігі бағамдалады

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-18

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Куранбек, А. А. . (2023). Философиялық мәтіндерді аударудың кейбір мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 145(4), 255–270. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-145-4-255-270

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ