Ибн Сина эпистемологиясы: болмыс және таным
Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 87
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-146-1-315-334Кілт сөздер:
фәлсафа; Вуджуд; болмыс; мүмкінді-мән; қажетті-мән; мән; себептілік; кеңістік; уақыт; дене; таным.Аңдатпа
Аталмыш мақалада фәлсафаның биік шыңы болып табылатын Ибн Синаның философиялық көзқарастары қарастырылған. Жалпы зерттеудің басты мақсаты ол ортағасырлық ғалым, дәрігер Ибн Синаның фәлсафаны алғаш жүйелеп берген және биік шыңға жеткізген философ ретінде таныту арқылы оның философиялық ілімі мен көзқарастарына талдау жасау болып табылады. Және де ойшылдың фәлсафаны ғылым ретінде қалайша қарастырып, зерделегені жайлы баяндалады. Яғни Ибн Сина бойынша фәлсафа бірінші болмысты қарастырады, ал кейін барып болмыстан туындаған дүниелерді зерттейді деп білген. Ойшыл болмысты «Вуджуд» деп анықтаған. Ал Вуджудтың қажетті себебі ол Құдай екенін дәлелдейді. Құдай дегеніміз Ибн Сина философиялық ілімінде Хақ сөзімен анықталады. Ойшыл құдай мен табиғат ара-қатынасын жаратушы мен жаралушы ара-қатынасы ретінде қарастырмайды, ал себеп-салдарлық өзара әрекет етуші байланыс ретінде қарастырады.
Сонымен қатар мақалада ойшыл пікірінше фәлсафаның негізгі мәселелері болып табылатын сұрақтар қамтылған. Олар адам мәселесі, адам мәні, болмысы, физикалық және рухани дамуы. Сондай-ақ бұл мақалада кеңістік, уақыт, жан, дене сияқты мәселелер мен жалпы таным теориясының сұрақтары баяндалған. Бұл мәселені ойшыл ақыл-ой, тәжірибе негізінен шешкен. Тәжірибеде, сыртқы әлем заттарында бар нәрсеге сүйеніп, олардан табиғи заңдылықтарды шығарады. Тәжірибелік, сезімдік тану Ибн Сина бойынша ол табиғатты танудың алғашқы кезеңі болып табылады. Осы ретте ойшыл тану процессі кезінде сезім мүшелерінің рөлі мен күшін терең, әрі жан-жақты зерделеген.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Бұл жұмыс лицензия бойынша қол жетімді лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial» («Атрибуция — Некоммерческое использование») 4.0 Всемирная.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.