Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі Жошы Ұлысы тарихының зерттелуі


Қаралымдар: 290 / PDF жүктеулері: 869

Авторлар

  • Айсауле С. Шакиева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-138-1-126-141

Кілт сөздер:

Жошы Ұлысы; тарих; отандық тарихнама; Тәуелсіз Қазақстан; қазақ хандығы; көптомдық.

Аңдатпа

Мақалада Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелердің бірі ортағасырларда еліміз территориясында өмір сүрген мемлекеттердің бірі Жошы Ұлысы тарихына байланысты еңбектерге тарихнамалық зерттеу жасалынған. Оның ішінде, басты мәселе ретінде Кеңес мемлекеті құлағаннан кейін қазақтың зерттеушілері тақырыпқа қатысты еңбектеріндегі тұжырымдамалық өзгерістер мен жаңа көзқарастарға баса мән берілген. Автор ғылыми еңбектерді талдай келе, тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ тарихнамасын екі кезеңге бөліп, пікірлердің өзгеру динамикасы мен жаңа деректер мен ойлардың пайда болу эволюциясын көрсетеді. Аталмыш тақырыптың академиялық ортада талқыланып, кейін мемлекеттік дәрежеге көтерілуіне дейінгі талдай келе, жан-жақты сараптама жасады. Назар аударатын жағдай, тарихшылар зерттеулеріндегі Жошы Ұлысы тарихындағы өзекті тұстарын, кейінгі ғасырларда қалыптасқан Қазақ хандығымен байланыстырады. Мақаланың негізгі дерек көздері осы кезеңде жарияланған еңбектер мен мақалалар болып табылады. Автор Жошы Ұлысы тарихын зерттеудегі бірегей парадигманы соңғы отыз жылдағы отандық зерттеушілердің еңбектерінен іздестіріп, қазіргі кездегі тақырыпты зерттеудің барысы мен дәрежесі айқындауға ұмтылады. Жұмыста Жошы Ұлысы тарихына қатысты жаңа теориялық идеялардың топтамасы қазақтың зерттеушілерінің еңбектерін талдау арқылы суреттеледі. Оның ішінде, қазіргі ортағасыр тарихының зерттеу нысанындағы маңызды өзгерістерді қажет ететін тұстары, соның ішінде жаңа «Жошы Ұлысы» тұжырымдамасының қалыптасуы көрсетіледі. Автор мақаланы жазу барысында «Қазақстан Алтын Орданың (Жошы Ұлысының) мұрагері» деген жаңа тұжырымдаманың қазақстандық ғалымдардың қолдап, жаңа бір деңгейге көтерілу үдерісі белгілі бір дәрежеге мемлекеттер сабақтастығын уағыздауда зор серпін берді деп қорытынды жасайды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шакиева, А. С. . (2022). Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі Жошы Ұлысы тарихының зерттелуі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 138(1), 126–141. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-138-1-126-141

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР