Қазақ даласындағы дәстүрлі өнер аудиториясы


Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 12

Авторлар

  • Айдос Мақұлбеков Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0002-2572-3892
  • Гулзада Абдалиева И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-146-1-335-353

Кілт сөздер:

aудитория; дәстүрлі өнер; ұлттық мәдениет; айтыс; қоғамдық құбылыс; күй; театр; қойылым; қазақ даласы.
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Бұл мақалада біз қазақ дала өркениетіндегі дәстүрлі қоғамдағы сахна өнері аудиториясының қалыптасу эволюциясын ұлтымыздың көне тарихи-мәдени-рәсімдік үдерістерімен әрі оны сахна өнерінің ең көне формасы тұрғысындағы шығу тарихымен байланыстыра қарастырамыз. Бүгінгі көрермен аудиториясының өнер мәдениетін арттырудың болашағын қазақ даласы көрермені мен тыңдарманы арасындағы мәдени-рухани сабақтастықтың үзілмеуі ұстанымын негізге аламыз. Сондықтан, бұл ұстаным әлемдік өнер тарихына тән құбылыс екені байқалады.

Өзге елдердің театрлары халықтың әдет-ғұрып салтындағы ойын-сауықтың негізінен туғандығы мақалада дәйектеледі.  Жалпы дәстүрлі өнердің дүниеге келуін халық өнерінен бөліп қарауға болмайды. Бұл екеуі бір-бірімен ажырамайтын тығыз байланыста, бір-бірінсіз дамуы да мүмкін емес. Бұл құбылысты әлем театрының тарихынан да аңғаруға болады. Бұл ұстаным өнер аудиториясының тарихына да қатысты деген ғылыми тұжырым келуге негіз бола алады. Өйткені, қазақ халқының көшпелі тұрмысындағы шаруашылықтың негізінде туындаған, оны бейнелеп келген елдің әдет-ғұрып жораларына сүйеніп, өрбіп отырған әртүрлі көңіл көтеру ойын-сауық халықтық ойындары, мерекелік қойылымдары қазақтың дәстүрлі өркениетіндегі өнері көрермені мен тыңдарманын қалыптастырудың бастауында болған деуге әбден болады.

Қазақ даласының бай мәдени тарихын зерттеуде қазақ дәстүрлі қоғамындағы сахналық өнердің көрермен аудиториясын айрықша бөліп зерттеудің ғылыми теориялық әрі тәжірибелік маңызы зор деп есептейміз. Бұл мәселе, әлі де болса отандық мәдениет философиясында ғылыми зерттеу алаңында қарастырылмаған тақырыптардың санатында болып тұр. Қазақ халқы дала өлкесінің сан түрлі, бай мазмұнды, өзіндік ерекше стилі, ұзақ тарихы бар иелік еткені тарихтан мәлім. Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана. Ұлт атаулыны адамзат мәдениетіне қосқан үлесімен ғана парықтау қажет болса, онда қазақ халқының рухани мұрасының  бетке ұстары ең алдымен ұлттық өнері болуға тиіс.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ