Қазақстандағы 1920 жылдардағы оқу-ағарту


Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 141

Авторлар

  • Оразгүл Х. Мұхатова Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-135-2-35-47

Кілт сөздер:

«революциялық әскери кеңес»; «оқу-ағарту»; «білім беру»; «еңбек мектебі»; «мұғалім»; «декрет»; «Ағарту халық комиссариаты»; «сауатсыздықты жою»; «оқулық»; «бағдарлама».

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы 1920-жылдардағы оқу-ағарту тарихы Қазақстан Республикасы Президенті, Орталық және Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві қорларында сақталған аса құнды құжаттарды талдау, тың көзқарастар және отандық тарих ғылымында бекітілген ғылыми тұжырымдар негізінде баяндалады. Автор Қазақстанда кеңес өкіметі орнатылғанан кейін он жылдан астам уақыт ішіндегі кеңестік білім берудің ұтымды тұстары мен кемшіліктерін көрсетеді. Халық ағарту ісін революциялық негізде қайта құрудың маңызды құжаттары талданады. Ағарту халық комиссариатының білім беру жүйесін қалыптастыру және дамыту бойынша қаулы-қарарлары, олардың мәні мен мазмұны айқындалады. І және ІІ басқыштағы, жеті жылдық білім беру жүйесінің қалыптасуы, мектептер, мектеп-коммуналары туралы айтылады. 1920-1921 оқу жылында Қазақстандағы мектептер және оқушылар саны, бюджеттен бөлінген қаржы көлемі көрсетіледі. Лениндік еңбек мектебінің қалыптасу және дамыту үрдістері анықталады. Білім берудегі саяси-ағарту жұмыстарының бағыттары және нәтижелері ашылады. Ағарту жұмыстарындағы қиындықтар, мектепке үй-жайлары мен мамандардың жетіспеуі түйткілдері қарастырылады. Өлкеде мектептердің және оқушылар санының артуы салыстырмалы түрде көрсетіледі. Орта арнайы және жоғары мектепте білім беру жағдайы туралы айтылады. Орта арнайы және жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіне қажетті мамандарды даярлау мәселесі айтылады. Білім берудегі сауатсыздықты жою, латын графикасына көшу, оқулықтар шығару, пәндер бойынша дайындалған оқу бағдарламалары туралы сөз болады. Жергілікті халық ағарту бөлімдерінің бірыңғай қазақ еңбек мектептеріне арнаған жаңа оқулықтарды басып шығару жұмыстары көрсетіледі. 1920-жылдары ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметі және бағыттары көрсетіледі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мұхатова, . О. Х. (2021). Қазақстандағы 1920 жылдардағы оқу-ағарту. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 135(2), 35–47. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-135-2-35-47

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР