Болашақ археолог, этнограф мамандарын кәсіби дайындаудағы жаңа әдістер мен технологиялар
Қаралымдар: 69 / PDF жүктеулері: 76
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-131-2-85-94Кілт сөздер:
далалық мектеп, Қырықүнгір, ғылым мен білімнің интеграциясы, археология және этнология, ғылыми зерттеулердің инновациялық әдістері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, НМУ.Аңдатпа
Бұл мақала Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-і (Қазақстан) мен НМУ-нің (Ресей) 2019 жылғы халықаралық жобасын жүзеге асыру тәжірибесін талдауға арналған. "Мыңжылдықтар тоғысындағы Ұлы Даланың ежелгі тарихы: археологиялық және этнологиялық зерттеулер әдіснамасындағы инновациялар" атты халықаралық ғылыми-білім беру жобасы жазғы далалық мектеп форматында өтті. Өткізу орны болып Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің стационарлық археологиялық лагері – Шығыс Қазақстан облысындағы Қырықүнгір қорымы таңдалды. Ғылыми тұрғыдан алғанда, жоба археология және этнография саласындағы далалық зерттеу әдістерін дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Білім беру бағытында жоба студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың және жас мамандардың кәсіби тәжірибесін кеңейту, және біліктілігін арттыру, жастар қоғамдастығында қарым-қатынасты дамытуды көздеді. Мектеп бағдарламасы оқытудың көптеген түрлерін қамтыды: дәрістер, семинарлар, әртүрлі кезеңдегі археологиялық қазба жұмыстарына қатысу, далалық археологиялық және этнографиялық тақырыптық экскурсиялар. Қазіргі археология мен этнология үшін өзекті тақырыптық бағыттардың спектрі де сондай маңызды болды. Бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастыру және өткізу жас мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді және академиялық ғылым мен жоғары білімнің интеграциясы мақсаттарына сәйкес келеді. Жазғы дала мектептерінің әдісі қазіргі Ресей мен Қазақстандағы гуманитарлық білім саласына сәйкес зияткерлік орта мен инфрақұрылымның «сапа орталығын» құрайды.