Қанат Өскенбай мен Роман Хаутала. Сталиндік заманына сәйкес екеу жазған сөз тасу хат

ШОЛУ МАҚАЛА


Қаралымдар: 121 / PDF жүктеулері: 103

Авторлар

  • Бүркітбай Ғ. Аяған Мемлекет тарихы институты ҚР БҒ МҒК

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-139-2-189-198

Кілт сөздер:

Ұлық Ұлыс; Алтын Орда; Йазди; Рашид ад-Дин; Ұрыс хан; Қазақ хандығы; пікірлер; дәрістер курсы.

Аңдатпа

Авторлық мақалада Қ. Өскенбай мен Р. Хауталаның тарих ғылымының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяғанның «Ұлық Ұлыс-Алтын Орда. Дәрістер жинағы» – Алматы, 2020 жылы шыққан, 224 беттен тұратын кітабына берілген сараптамасына талдау жасалады. Кітап авторы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Хабаршысында 2022 жылдың № 1 (138) санында жарыққа шыққан сынға жауап бере отырып, өз пікірін білдіреді. Мақала авторы Қ. Өскенбай дайындаған шығармаларына сын айта келе оны жақсарту жолдарын көрсетеді. Мысалы, не Қ. Өскенбай, не Р. Хаутала Әмір Темірдің сарай ғалымы Йазди (Иезди) және Рашид ад-Дин еңбектерін жете зерттемегеніне көңіл аударады. Сонымен қатар, Қ. Өскенбай мен Р. Хаутала сынына ұшыраған Дәрістер жинағына сараптамашы болған ғалымдар тізімін келтіре отырып, автор олардың еңбектерінің құндылығын ерекше атап кетеді. Дәрістер авторы пайдаланған әдебиетпен осы екі рецензент жете таныс емес екені байқалады. Сонымен қоса олар Қазақ хандары Керей мен Жәнібектің ұлы атасы Ұрыс ханның жерленген жері туралы жаңаша әдебиетпен таныс емес екенін көрсетеді. Аталған рецензенттер осы дәрістер жинағына кезінде Ұлық Ұлыс-Алтын Орда және одан кейінгі постордалық мемлекеттер тақырыбын зерттеген, оларға оң баға берген ғалымдар дайындығына негізсіз күмән келтіргенін айтып кетеді. Және автор И.В. Ерофеевамен болған сотқа дейін шешімін тапқан мәселені баяндап өтеді. Б.Ғ. Аяған кезінде И.В. Ерофеевамен болған пікірталасты Қ.З. Өскенбай қайта-қайта қозғай бергесін өз ақиқатын айтып беріп және ол мәселе  баяғыда шешілгенін айтып кетеді. Автордың пайымдауынша Қ.З. Өскенбай мен Р. Хаутала жазған пікірде көрсетілген «антиорыстық және антикеңестік тұрғыдан жазылды деген» тұжырымы сталинизм кезеңінде жазылатын сөз жеткізу хаттарға ұқсайтынын баса көрсеткен.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аяған, Б. Г. . (2022). Қанат Өскенбай мен Роман Хаутала. Сталиндік заманына сәйкес екеу жазған сөз тасу хат: ШОЛУ МАҚАЛА. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 139(2), 189–198. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-139-2-189-198

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАР