Ұлттық театр контекстіндегі шешендік өнердің философиялық сипаты


Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 76

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-232-243

Кілт сөздер:

Театр; шешендік өнер; сахна; болмыс; ұлттық өнер; мәдениет; таным жүйесі; фольклор; дәстүр.

Аңдатпа

Ғылыми мақалада ұлттық театр контекстіндегі шешендік өнердің философиялық сипаты анықталып, теориялық тұрғыда пайымдаулар жасалды. Сонымен қатар, ұлттық театр контекстіндегі шешендік өнердің философиялық болмысының тамыры сонау ежелгі замандағы бабалар дәстүрінен бастау алатына көз жеткізіп, негізгі әлеуметтік-мәдени нормаларды іріктеп, шешендік сөз өнері оларды одан әрі дамыту барысында халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени және рухани байлығының мұрагері екені анықталды. Мақалада ұлттық театр – қазақ қоғамының ойлау, тану және іс-әрекет еркіндігі мен бостандығының көрінісі екендігі сараланады. Онда қазақ шешендік сөз өнері – адамзаттың ар-ождан, тіл бостандығының көріну формасының әрі алаңы, әрі ірге тасының бірі деуге негіздеме бар. Ол әр кезде әлем тіршілігінің тұңғиығына жетелейтін ой жүйесіне, ой үрдісіне, ой ағымына негіздеп отырады. Осы тұрғыдан алғанда заманауи философиялық ізденістер ең алдымен, қазақ театрының классикалық шығармаларынан, ұлттық фольклордан оның ішінде шешендік сөздерден іздеп, қазақ ұлтының өмірлік дүниетанымын, елдің өзіндік таным жүйесін, ой толғау үрдісін зерделеміз. Сондықтан, осы тұста қазақ шешендік сөз өнері қазақ театр өнерімен сабақтастықта болғанда, рухани-философиялық ойлар мен идеялар ұлттың әдіснамалық арқауы болады деп есептейміз.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Маликова A. M. ., & Иманжүсіп R. N. . (2023). Ұлттық театр контекстіндегі шешендік өнердің философиялық сипаты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 144(3), 232–243. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-232-243

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ