XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасыр бас кезіндегі қазақ ағартушылары мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасындағы діни таным сабақтастығы


Қаралымдар: 38 / PDF жүктеулері: 25

Авторлар

  • Альбина Дуйсенбаева Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті https://orcid.org/0000-0002-4556-3152
  • Жандос Ишмаханов Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • Алмасбек Шағырбай ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану орталығы https://orcid.org/0000-0001-9146-1408

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-148-3-288-301

Кілт сөздер:

ағартушылық; ислам; дін; дәстүр; құндылықтар

Аңдатпа

Діни сананың жаңғыруы мәселесінде өзектігі жоғалмайтын тақырыптың бірі ол дәстүрлі құндылықтардан адасып қалмай, рухани үндестікті жалғастыру. Бұл үдеріс тарихтың әр кезеңінде әр мәдениеттің, әр ұлттың тағдырында әр түрлі көріністермен қорын алған. Мақалада діни сананың жаңғыруы кезеңіндегі қазақ ағартушыларының діни құндылықтарға, дәстүрлі дүниетанымға қатысты қалдырып кеткен мұраларын зерттей отырып бүгінгі қоғамның мәселелеріне жауап ізделеді. Зерттеуімізде қазақ руханиятының қаймақтары, ұлы тұлғаларымыздың өткен жолы мен негізгі қызметтерінің тарихымыздағы орны жан жақты зерттелді. Тарихтағы кез келген халықтың қоғамдық құрылысындағындай қазақ халқымыздың да діни сипатын айшықтайтын қайраткерлер, ұлтымыздың төл тумаларының еңбектері талданды. Мақалада қазақ ағартушыларының терең дүниетанымындағы діни баға жетпес құндылықтарының Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасымен сабақтастығы, өзара байланысы баяндалады. Қазақтың ұлы ағартушылары  Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп еңбектеріндегі діни идеялары негізге алынып дінтанулық және танымдық философиялық талдау жүзеге асырылды. Ағартушылар дүниетанымындағы құдай, дін, иман категорияларға теологиялық, дінтанулық талдау жасалды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулары діни сананың жаңғыруымен және бабалар мұраларының дәріптелуімен тығыз байланысты. Қазақ зиялыларының қоғамдағы қызметі тек діни білім берумен ғана шектелмей, осы діни білім арқылы қалыптасатын тәрбие арқылы қазақ даласында ұлттық таным қалыптастырғаны талданады. Зерттеудің құндылығы қазіргі таңдағы діни конфликттердің, қоғамдағы діни негіздегі түсінбеушіліктердің алдын алуда, сонымен қатар жастардың діни дүниетанымының қалыптасуында өте маңызды.

Downloads

Download data is not yet available.

Әдебиеттер тізімі

Әбдиманұлы Ө., Шортанбаев Ш., ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Электронды оқу құралы. – Алматы, 2017.

Есім Ғ. Қазақ қоғамындағы діни-ағартушылық ойсана // «Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана» Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарасы, Рал Марал ишанның 230 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2010.

Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. – Алматы: «Білім», 1998. – 256 б.

Әділбаева Ш. Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз. – Алматы: Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры, 2011. – 280 б.

Көпейұлы М.Ж. Алла құдіреті. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2003 – 18 б.

Абай және Мәшһүр Жүсіп: көркемдік үндестік // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2005. – №10. – С. 3-10 б.

Тұрсынова Б.Ә. Қазақ әдебиетіндегі имандылық мәселесі (Абай Құнанбаев пен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармалары негізінде // «Мәшһүр Жүсіп – әлемдік ғаламат» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ. – 282-284 б.

Құнанбаев А. Шығармалары. – Алматы: «Жазушы», 2002. – Т.2. – 58 б.

Көпеев М.Ж. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, Ғылым: 1992.

Жүсіпбек Ғ., Сатершинов Б. Қазіргі діни ахуал және дәстүрлі ислам құндылықтарын қайта бағалау // «Діни радикализмнің алдын алу шаралары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Орал: Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі, 2014 жыл. – 15-20 б.).

Ысқақұлы Д. Абайдың қара сөздері іспеттес жазбалары бар // Аңыз адам. – 2013. – № 19 (79). – 28 б.).

Көпейұлы М.Ж. Таңдамалы. – Алматы: Ғылым, 1990. – Т. 1. – 274 б.

Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. – Алматы: Жібек жолы, 2007. – Т.2. 290 б.

Алдабергенов Т. Мәшһүр Жүсіп пен Шәкәрімнің соңғы кездесуі. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2013. – 359 б.

Құдайбердіұлы Ш. Білімділерге бес сауал http:// www.kultegin.kz/#!1_11_491

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-10

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дуйсенбаева, А., Ишмаханов , Ж. . . ., & Шағырбай , А. . (2024). XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасыр бас кезіндегі қазақ ағартушылары мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасындағы діни таным сабақтастығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы, 148(3), 288–301. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-148-3-288-301

Журналдың саны

Бөлім

ДІНТАНУ