Виртуалды білім берудің метафизикалық аспектілері
Қаралымдар: 84 / PDF жүктеулері: 52
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-146-1-269-283Кілт сөздер:
виртуалдылық; виртуалды шынайылық; білім беру; виртуалды білім беру ортасы; виртуалды білім беру кеңістігі; ақпарат; ақпараттық қоғам; ойлау; сана; жасанды интеллектАңдатпа
Қазіргі әлем қоғамның барлық салаларын цифрландырумен сипатталады. Ақпараттық технологиялар білім беру кеңістігіне белсенді түрде еніп, виртуалды білім беру ортасының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл өз алдына оқу-тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігіне айналды. Нақтылай келсек, білім беруді цифрландыру және виртуалды білім беру ортасын қалыптастыру кезекті компьютерлік технология ғана емес, сонымен қатар, адам өмірі мен санасындағы жаһандық өзгерістерге ықпал еткен қазіргі ғылым мен техниканың елеулі жетістіктерінің пайда болуы.
Бүгінгі күні виртуалды білім беру ортасы – бұл оқу іс-әрекетінің субъектілері білім алатын және ақпарат алмасатын компьютерлік технологиялардың көмегімен жасалған кеңістік болып табылады. Ол білім, қарым-қатынас және өзара әрекеттесу үшін жаңа мүмкіндіктерді береді. Дегенмен, мұндай орта тек технологиялық құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар, оның адам санасы мен ойлауына ықпалын, оның табиғатына жаңаша назар аударуға иетрмелейтін метафизикалық аспектілерді қамтитын сала ретінде, шындықпен қатынасы қарастырылатынын түсіну маңызды.
Осылайша, білім беру аспектісінде цифрландыру білім беру кеңістігін виртуалдандырумен байланысты көптеген мәселелердің пайда болуына ықпал етті.
Авторлар виртуалды білім беру ортасының философиялық аспектілерін қарастыруға талплынады, оның маңыздылығы мен оқу үдерісіне тигізер әсерін, жағымды жетістіктері мен оқу үдерісін оңтайландыруда виртуалды шындық технологияларын қалыптастыру үдерісінде туындаған ықтимал мәселелерді көрсетеді.
Сонымен қатар, берілген мақаланың авторлары виртуалды шынайылық технологиялары қазіргі білім беру үдерісінің ажырамас құбылысы деген ұстанымына қосылады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Бұл жұмыс лицензия бойынша қол жетімді лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial» («Атрибуция — Некоммерческое использование») 4.0 Всемирная.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.